top of page

Жалпы ережелер

​

1.1. Мектеп-лицей кітапханасын пайдаланудың қағидалары мектеп-лицей кітапханасы туралы ережесі негізінде әзірленді.

​

1.2. Мектеп кітапханасын пайдалану қағидалары - оқырманның кітапханамен өзара қарым-қатынасын бекітетін құжат және оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жалпы тәртібін, кітапхана қорына қолжетімділік тәртібін, оқырмандар мен кітапхананың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

​

1.3. Кітапхана білім беру үдерісінің барлық қатысушылары мектеп әкімшілігіне, педагогика ұжымына, оқушылар мен ата-аналарға (әрі қарай оқырмандарға) жеке және өздігінен білім алу жұмысы үшін кітапхана және ақпарат-библиографиялық қызмет көрсетудің дәстүрлі нысандары мен әдістерін пайдалана отырып білім беру және педагогикалық ақпаратқа еркін қолжетімділікті ұсынады.

​

1.4. Кітапхананың жұмыс режімін мектеп-лицей ұйымның ішкі еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес мектеп директоры белгілейді.

​

1.5. Оқырман-оқушыларға қызмет көрсетудің саралы тәсілін
қамтамасыз ету үшін оқушылардың жекелеген топтарына сыныптарымен
белгілі бір күндерді (сағаттарды) бөлу арқылы кітапхананың жұмыс кестесі
әзірленеді.

bottom of page