"Балқаш қаласы Абай атындағы №2 мектеп-лицейі" КММ-нің
электронды кітапханасына қош келдіңіз!
Жалпы ережелер
1.1. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасы (әрі қарай мектеп-лицей кітапханасы) осы Абай атындағы №2 мектеп-лицей ұйымының (әрі қарай мектеп-лицейдің) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін мектеп-лицейдің негізгі бағыттарына сәйкес жүзеге асырады.
1.2. Мектеп-лицей кітапханасы оқу-тәрбие үдерісін білім беру және педагогикалық әдебиетпен, ақпаратпен қамтамасыз етеді. Кітапхана білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына: мектеп әкімшілігіне, педагогика ұжымына, оқушылар мен ата-аналарға кітапхана қорларына еркін қолжетімділікті ұсынады.
1.3. Кітапхана оқушылардың оқудағы дербестігін жүзеге асыруға, олардың танымдық және шығармашылық қызметін дамытуға септігін тигізеді, педагогикалық ұжымға педагогика және білім беру жөніндегі ақпаратты беру, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға, сондай-ақ оқырмандардың ақпарат мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
1.4. Өз қызметінде мектеп-лицей кітапханасы:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- Білім мен мәдениеттің дамуын анықтайтын Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және оның уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің бұйрықтары мен өкімдерін;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының (ҚР БҒМ РҒПК) әдістемелік ұсыныстарын;
- облыстық білім басқармасының, қалалық (аудандық) білім бөлімінің бұйрықтары мен өкімдерін;
- мектеп-лицей Жарғысын;
- мектеп-лицейдің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын;
- мектеп-лицей директорының бұйрықтары мен өкімдерін;
- осы Ережені басшылыққа алады.