top of page

            Кітап бейне кәусар бұлақтай, адамдардың рухани сусынын қандырып, жанын жадыратып келе жатқан рухани құндылық. Сонымен бірге, кітап қоғамды дамытатын қуатты құрал ғана емес, кейінгі ұрпаққа өшпес із болып қалар құнды белгі. Өскелең ұрпақтың рухани жағынан мықты болуына, ұлтымыздың ұлағаттылығының сақталуы барысында кітаптың тигізер пайдасы орасан.

Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан - дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары , талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек. Ол қасиеттерді оқушылар бойына ұстаздардың берген білімдерімен сіңіреді, әрі қосымша ретінде оқушыларымыз кітап оқу арқылы алады десек қателеспейміз. Соған орай әр дүйсенбі 2-4 сыныптар, сәрсенбі күні 5-10 сыныптар кестеге сәйкес кітап жарнамасына қатысады, оқыған кітаптарын жарнамалайды.

bottom of page